Sailau banner

СҚО әкімдігі

Владимир Витченко: “Халық кеңесі әр өңірдің мәселесі мен ұсыныстарын талқылайтын алаң болмақ”

Сыр жағасында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Халық кеңесін құру жайлы пікір білдіргені мәлім. Бұл – жеті рет өлшеу арқылы қалыптасқан ой. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, алдыңғы қатардағы елдерде мұндай орган бар және ол алға жылғуға септігін тигізуде. Сол мемлекеттермен тереземіз теңессін десек, ұсынысқа қолдау танытқан жөн. Халық кеңесі бірнеше адамның басын біріктіретін топ емес. Оған батыл ойлы, белсенді түрлі санаттағы азаматтар, этнос және аймақтардағы өкілдері мүшелек етпек.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, қоғам белсендісі:

— Кеңестің құрамында 100-ден астам адам болмақ. Бұл тек пікір айтылатын жер емес, өңірлердің нақты мәселелері мен ұсыныстарын талқылайтын алаң болмақ. Қазақстан – үлкен ел. Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілі өмір сүреді. Халықты алаңдататын жайттар туындап жатады. Соларды кеңес қарап, шешілуіне үлес қосады деген ойдамын.