ТЖ

СҚО-да жанармай құю бекеттерінен бұзушылықтар анықталды

Өңірдегі жанармай құю бекеттерінен бұзушылықтар табылды! Кемшіліктерді өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары анықтады. Тиісті тексеру облыстық прокуратураның тапсырмасы бойынша жүргізілді. Ұсынылған дерекке сүйенсек, аймақтағы кейбір станцияларда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жайттар белгілі болған. Нәтижесінде жедел шаралар қабылданып, қауіпті 15 техникалық құрылғы пломбаланды. Ал талапты сақтамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға айыппұл салынды.