Қоғам

“SED Group” – сенімділік пен қолжетімділіктің үйлесімі

Жақсы үй – әр отбасының жайлы өмірі мен жарқын болашағының кепілі. Баспананы дұрыс таңдаған жөн. Ал ол үшін сенімді құрылыс компаниясына иек артуымыз керек. Бұл ретте «SED Group» ұйымы бар. Нарықта бірнеше жылдан бері нарықта тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан фирма өзінің ерекше жобаларымен ерекшеленеді.

АЛЕКСЕЙ ВОРОПАЕВ, «SED Group» компаниясы сату бөлімінің басшысы:

— Компаниямыз нарықта 2019 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп, тұрғындарға сенімді, заманауи және ыңғайлы үйлер ұсынып келеді. Біздің жобаларымыз тұрғын үй салумен шектелмейді. Біз әр отбасының күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған шешімдерімізбен ерекшеленеміз. Кең холдар, заманауи подъездер, қауіпсіз автотұрақ, балалар алаңдары мен жасыл аймақтар – барлығы тұрғындардың жайлы өміріне арналған. Біз әр тұсқа мән береміз.

Таңдай қақтырарлық үйде тұруға тамаша мүмкіндік бар. Компания пәтерді бөліп төлеу бағдарламасын ұсынып отыр. Яғни, сіз тиімді мүмкіндікті пайдаланып, қоныс тойын тойлай аласыз.

АЛЕКСЕЙ ВОРОПАЕВ, «SED Group» компаниясы сату бөлімінің басшысы:

— Ұсынып отырған бағдарламамыз “Пайда” деп аталады. Бастапқы жарна небәрі 20% құрайды. Қалған соманы пайызсыз және қосымша шығынсыз кезең-кезеңімен өтеуге болады. Мысалы, 3 бөлмелі пәтерді алу үшін клиент 8 млн теңге аударады. Кейін менеджерлеріміз тиімді шарттар ұсынады. Бізге қалған ақшаны сатып алушының таңдау уақыты мен төлеу мүмкіндігіне қарай қайтаруға болады.

Компанияның басты қағидасы – сапа, сенімділік және қолжетімділік. Әр жоба тұрғындардың өмір сүруін жеңілдетіп, жайлы орта қамтамасыз етеді. Сондықтан, «SED Group» үйлерін таңдаған жөн.

АЛЕКСЕЙ ВОРОПАЕВ, «SED Group» компаниясы сату бөлімінің басшысы:

— Пәтерлердің әр бөлмесі күнделікті тұрмысқа ыңғайластырылған: қонақ бөлмесі кең әрі жарық, балалар бөлмесі және ата-аналар бөлмесі тыныш әрі жайлы, ас үй қолайлы. Компания барлық пәтерлерді заманауи стандарттарға сәйкес салып, инженерлік инфрақұрылымды толық қамтамасыз етеді. Бұл – «СЭД» үйлерін сенімді және қолжетімді ететін басты фактор.

«SED Group» үйлері – өз арманыңызды дәл қазір жүзеге асыруға арналған нақты шешім. Баспаналар болашаққа сеніммен қадам жасауға мүмкіндік сыйлайды.

 

Жангельді Жамалиев