Құқық қорғау органдары

Петропавлда 15 есірткі граффитиі жойылды

Петропавлда есірткі граффитилері жойылды. Бұл – зиянды затқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін интернет сілтемелер, тіпті QR-кодтар. Әдетте олар ғимараттардың қабырғасынан табылып жатады. Заңға қайшы хабарламаларды анықтау және жою мақсатында Петропавлда арнайы рейд өткізілді. Оған тәртіп сақшылары, еріктілер және облыстық полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері қатысты. Алдымен жиылған топ қала көшелерін аралап, есірткі жарнамаларына қарсы үндеу парақшаларын таратты. Кейін бір сағат ішінде 15 есірткі граффитиін тауып, бояды. Ал сілтемелер тиісті жұмыстар аясында бұғатталды. Айта кеткен жөн, өткен жылы теріскейлік полицейлер интернеттегі есірткі ресурстарына қатысты 1500-ге жуық сілтемені бұғаттаған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы