“Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттегі мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді”. Бұл – жақында ғана өткен Құрылтай отырысында сөз сөйлеген Президенттің пікірі. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспайды. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, заңгер Павел Афанасьев Мемлекет басшысының ойын құптайды. Ол биліктегі жүйелі жұмыс оң өзгерістердің бастауы деп біледі.
ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, заңгер:
— Менің ойымша, ұсынылған өзгерістердің дені халық тарапынан қолдау табатын болады. Болашақты былай елестетемін: Бір палаталы Парламент – ол заң шығарушы орган. Яғни, мұнда депутаттар заңдарға жаңашылдық әкеледі. Ал құрылатын Халық кеңесі жыл сайынғы сессияларында жиналып, ел дамуының жалпы бағыттарын айқындайды, қоғамның алға жылжу траекториясын белгілейді. Бір сөзбен айтсақ, халық пен билік арасындағы көпір болады деп есептеймін.
Ақтолқын Солтанханқызы