Қазақстанда жүріп жатқан конституциялық реформаның басты мақсаты – халықтың пікірін тыңдайтын үкімет құру. Бұл – Сәуле Сұрағанованың пікірі. Облыстық мәслихат депутатының сөзінше, Ата заңда күтілетін өзгерістер ел тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тәртіпті және білімді қоғам құруға ықпал етеді.
СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, облыстық мәслихат депутаты:
— Конституцияның ұсынылған жаңа жобасында 95 бап болмақ. Бұл – әбден сараланған, сүзгіден өткен баптар. Әрқайсысы азаматтардың құқығын қорғауға, табиғатымызды сақтауға және өзге де бағыттарға қатысты. Өзімнің көңілім толады. Әзірленген жобада неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже бар. Бұл шешім әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Қазіргі қоғамға аса қажет бастама деп білемін.