Шал ақын ауданында мектептерді күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Бұл жұмыстарды орындаған мердігер өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін ерікті сақтандыру шарттарын ұсынған. 2023-2024 жылдары шыққан сот шешімдері мердігердің шарт талаптарын толық орындамағанын нақты растады. Соған қарамастан аудандық білім бөлімі заң талаптарын бұзып, ұзақ уақыт бойы сақтандыру компаниясынан 11,2 млн теңге көлеміндегі қаражатты өндіріп алу бойынша ешқандай шара қолданбаған. Прокурорлардың араласуынан кейін сот арқылы сақтандыру төлемдері толық көлемде мемлекет кірісіне қайтарылды.