Өңір полицейлері Есіл ауданының жастарымен кездесу өткізді. Іс-шарада оқушыларға ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, құқық қорғау органдарында қызметтің артықшылықтары түсіндірілді. 11-сыныпты аяқтаған соң жастар мерзімді әскери қызметке балама ретінде ІІМ-нің төрт жоғары оқу орнының біріне түсуге өтініш бере алады. Оқу тегін, түлектерге полиция лейтенанты шені беріледі, жұмысқа орналасу кепілдендірілген және зейнетке шығу құқығы қарастырылған. ІІМ оқу орындарына 16 жастан бастап, орта білімі бар талапкерлер қабылданады. Ақпаннан мамыр айына дейін оқуға түсушілер тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне немесе облыстық полиция департаментіне жүгінуі қажет.