Өткен айда Петропавлда «Бұл- махаббат» драмедиінің түсірілімі басталған болатын. Ал бүгін фильмнің тәрелке сындыру рәсімі өтті. Аталмыш дәстүр – кино саласында жұмыс істейтін жандардың көп жылдан бері келе жатқан үрдісі. Оған облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов та қатысты. Ырым бойынша ең әуелі тәрелкені сындырмас бұрын оған қол қою керек екен. Дәстүр бойынша түсірілім алаңының басы қасында жүрген жандар және актерлер тәрелкенің сынған бөлігін естелік ретінде өздеріне алады. Барлық керек рәсім жасалып, қол қойылғаннан кейін кезек тәрелкені сындыруға келді. Бұл мәртебе облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловқа берілді. Фильмнің бас актері Азамат Сатыбалдының айтуынша, қазіргі таңда туындының 30-40 пайызы түсірілді. Осы айдың соңына дейін кино толықтай таспаланады.
АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ, актёр:
— Әкімшілікке хабарласқан болатынбыз. Әкімнен бастап бәрі қолдады, сондықтын біз Петропавл қаласына келдік. Қала өте әдемі.
Айта кетейік, «Бұл – махаббат» фильмі қалың көрерменге осы жылдың 31-ші желтоқсанында жол тартады.
Ұлан Ыдырыс