Облыста биыл ақпан айы климаттық нормадан сәл жылырақ болады деп күтілуде. Жергілікті синоптиктердің мәліметінше, ай бойы өңірге циклондардың ықпалы жиі тиеді. Соның әсерінен қар және жаңбыр аралас қар жауып, айнала көктайғаққа айналуы мүмкін. Сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал. Ақпанда жылы күндер де жиілейді.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:
— Алдағы күндері облыс аумағында батыстан циклонымен атмосфералық фронттар ықпалын тигізеді. Облыста қар, бұрқасын күтіледі. Жауын-шашын, қар, жел болады.
Ай ортасында ауа температурасы төмендеп, аяз күшейеді. Ал одан кейін біртіндеп қайта жылынып, тұрақсыз ауа сайы сақталады. Мамандар тұрғындарды ауа райының құбылмалы болуына дайын болып, жолға шығарда сақтық шараларын ұстануға шақырады.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:
— Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 14-19 градус аяздан 8-12 градус аязға дейін, күндіз 6-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқиды.
Статистикаға сүйенсек, өңірде осыдан 10 жыл бұрын ақпан айында +6 градус жылы болған. Ал ең суық күн 51-ші жылы тіркелген. Ол кезде термометр
-42,7 градусты көрсеткен.
Мадина Қаби