Спорт

Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің сарбаздары республикалық спартакиадада топ жарды

26-29 қаңтар күндері Қостанайда әскерилер арасында республикалық спартакиада өтті. Сайыста өңір намысын Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары қорғады. Олар волейболдан сынға түсіп, дүбірлі додада топ жарды. Бүгін жеңімпаздар Петропавлға оралды. Оларды әріптестері мен әскери достары сән-салтанатпен күтіп алды.

ШУХРАТ ӘШІМОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

— Спартакиадаға 7 команда қатысты. Әр кездесу біз үшін қиынға соқты. Бірақ, тыңғылықты дайындық пен тактикамыздың арқасында жеңіске жеттік. Алда алар асулар көп. Осы беттен таймаймыз.

 

 

Нұрасыл Ахмет