Құқық қорғау органдары

М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде «Заң бәріне ортақ» атты конференция өтті

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда атап өткендей Қазақстан Әділеттің , Заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуы тиіс. Бұл – мемлекет ұстанған басты бағыттардың бірі. Осы орайда М.Жұмабаева атындағы IT-мектеп-лицейінде конференция өтті. Ол “Заң және тәртіп” қағидасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оның барысында тәртіпті қадағалау органдары оқушылармен ашық диалог жүргізіп, нақты мысалдар келітірді. Мұндағы басты мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

ДИАННА ҚАЗБЕКОВА, «Әдістемелік орталық» КММ бөлім жетекшісі;

— 8-ші қаңтардан бастап 30-шы қаңтарға дейін бір айлық іс-шара өтуде. Бұл айлықта біз жоспар бойынша күнделікті мүдделі органдармен сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырамыз.

Аталмыш іс-шараға полиция департаментінің қызметкері Алмас Еркешов те келіп отыр. Ол бүгін жасөспірімдерге жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша сөз сөйледі. Тәртіп сақшысының айтуынша, биыл өңірде 28 жөл-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың орын алуына көбіне жастар себепші екен.

АЛМАС ЕРКЕШОВ, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы:

— Бүгінгі жоспарлардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жөл-көлік оқиғаларының санын кеміту. Статистика бойынша алатын болсақ, биылғы жылы былтырмен салыстырғанда оқыс-оқиғалар саны азайған.

Мектеп оқушылары конференциядан жиғанымыз мол дейді. Жасөспірімдер өз құқықтары мен заңды білу бүгінгі заманда аса қажет екенін де жеткізді. Олардың қатарында «Жас сақшы» сыныбының өкілдері де бар.

Айта кетейік, “Заң және тәртіп” қағидасы аясында өткізіліп отырған мұндай жиындар өңірдегі барлық 440 жуық мектепті қамтитын болады. Қазіргі күннің өзінде облыста осы сынды 20-дан астам іс-шара өтті.

Ұлан Ыдырыс