Мәдениет

Креатив орталығында “Digital маркетинг-2026” форумы өтті

Digital маркетинг-2026. Бүгін осындай атаумен Qyzyljar креатив орталығында дәстүрлі форум өтті. Шараға кәсіпкерлер, маркетологтар мен жастар қатысты. Жиын барысында 7 бірдей спикер сөз сөйледі. Ортаға шыққан әр жанның өзіндік бағыты болса да біріктіріп тұрған ұғым бар. Ол – тауар мен қызметті интернет пен цифрлық технологиялар арқылы жарнамалау. Оны сату және клиентпен байланыс орнату. Шақырылған қонақтардың 5-еуі теріскейлік, қалған екеуі Астана мен Көкшетаудан арнайы келген.

ЕСКЕНДІР ЖАНАРТОВ, блогер, Көкшетау қаласы:

Мен әлеуметтік желі арқылы табыс табу жолдарын түсіндіремін. Жалпы, өзім инстаграм, тикток әлеуметтік желілерін пайдаланамын. Әуелде көкшетаулық қызмет көрсету мекемелерін түсіре бастадым, кейін көшеге шығып, тұрғындармен тілдесіп, қызықты видеолар түсірдім. Нәтижесінде қаралым саны артты. Бірте-бірте жарнамалар түсе бастады. Блогерлік істі енді бастап жатқандарға хейтке назар аудармау қажеттігін айқым келеді. Бастысы, алған беттен таймай, сұраныстағы, яғни тренд болып жатқан дүниелерді түсіре берген жөн.

Бұдан бөлек форумда жарнама бюджетін тиімді басқару, маркетингті клиент көзімен құру және тиімді сату тәсілдері айтылды. Спикерлердің сөзінше, заман талабын игеру бүгінде бизнес шығынын 60 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

МАКСИМ ПАНАРИН, шараны ұйымдастырушы:

— Форумға қатысушылар заманауи digital-құралдармен танысып, тәжірибе алмасып, өздерінің даму бағыттарын айқындады. Мұндай алаңдар кәсіпкерлік пен маркетинг саласының жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады. Алдағы уақытта шараларды жиі өткізіп тұруға тырысамыз.

Форум 3 сағатқа созылды. Әр спикер өз саласы бойынша толық ақпар беріп, білімін ортаға салды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы