Өткен жылы аудан орталығының тұрғыны ащы суға тойып алып, қос полицейді жараламақ болған. Кейін аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалады. Айыпты деп танылған азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейтін болады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Үкім шығару процесі тікелей эфирде көрсетілген жиынға түрлі сала өкілдері қатысты. Арасында жастар да бар. “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында ұйымдастырылған ақпараттық-алдын алу шарасы барысында интернет-алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, діни экстремизм мен ТЖ кезіндегі іс-қимылдар туралы айтылды. Қатысушылардың барлығына тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық жаднамалар таратылды.