Денсаулық сақтау

№3 қалалық емханаға – 15 жыл

№3 қалалық емхананың 15 жылдық мерейтойы атап өтілді. Медициналық мекеменің кіреберісінде шара ұйымдастырылған. Оған сала ардагерлері, емхана қызметкерлері мен тұрғындар куә болды. Жиын барысында нысан ашылғалы теріскейліктерге жәрдем көрсеткен ақ халаттылардың еңбегі еленді.

ЕРМЕК НҰРҒОЖИНА, №3 қалалық емхананың бөлім басшысы:

Бұл іс шараға 30-ға жуық еңбек ардагері шақырлды. Қонақтардың бірі – алғашқы бас дәргеріміз Соболевская Тамара Ивановна. Сол кездері біз қалалық аурухана қарамағында болған едік. Ал 2011 жылы су жаңа еки ғимаратқа көштік. Оның бірі балаларға екіншісі ерсектерге арналған болатын.

Қошеметке бөленгендердің бірі – Әлия Ташетова. Нәзікжанды – саланың жілігін шағып, майын ішкен маман. Еңбек өтілі 40 жылдан асады. Әлия Жақсылыққызы емдеу орнын 11 жыл басқарған. Айтуынша, осы аралықта қаралатын тұрғын қатары көбейіп, маман саны мен көрсетілетін қызмет сапасы да артқан.

ӘЛИЯ ТАШЕТОВА, Денсаулық сақтау саласының ардагері:

15 жылдың ішінде көптеген жұмыс атқарылды. Нысанның ашылуына алғашқы Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзі қатысқан болатын. 100 пайыз болмаса да соған жақын су жаңа медициналық құрал-жабдықтар болған. Осы аралықта талай маман шыңдалып шықты.))

Ашылған жылы емханада 30-ға жуық ақ халатты еңбек еткен. Бүгінде маман саны 100-ге жетіп отыр. Олар күніне 500-ден астам жанға жәрдем береді. Барлығы мұнда учаскелік аймақ бойынша 65 мың адам қарайды.

 

Ақтолқын Солтанханқызы