Қоғам

Кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға

Өздеріңіз білетіндей, 2026 жылдан бастап елімізде жаңа салық кодексі енгізілген болатын. Осыған байланысты бұрын 7-еу болған салық режимі 3-ке дейін қысқарды. Атап айтар болсақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген салық және шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін. Олардың ішінде ең тиімдісі – оңайлатылған декларация. Оны орта және кіші бизнес өкілдері жиі қолданады. Осы орайда кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға, биыл осы оңтайлы режимді қолданамын деушілер 1-ші наурызға дейін салық органдарына хабарлама беруі тиіс.

СҰҢҒАТ ҚОСПАНОВ, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

— Биылғы жылдың 1-ші наурызына дейін хабарлама беріп үлгермеген жандар автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшірілетін болады. Бұл арқылы кәсіпкер көбірек салық төлейді. Сонымен қатар, сіздер дұрыс емес режимді таңдасаңыздар оны түзеуге мүмкіндік бар. Бірақ уақыт шектеулі.

Айта кетейік, қазіргі таңда 14 мың өңір тұрғыны хабарлама беріп үлгерді. Бұл облыстағы кәсіпкерлердің тең жартысын құрайды.

 

Ұлан Ыдырыс