Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Әділет департаментінің басшысы есеп берді. Алдымен Естай Рашқалиев өзі жетекшілік ететін мемлекеттік органның былтырғы 12 айда атқарған жұмыстарын жіпке тізді.
ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, СҚО әділет департаментінің басшысы:
—Көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсетудің мақсаты мен негізгі қағидаттарын сақтау басты назарда. Әділет департаменті 12 мемлекеттік қызметті көрсетеді. Ағымдағы жылы Әділет департаментімен өз құзыреті шеңберінде 1315 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімінің бұзылу фактілері орын алған жоқ.
Әділет органдарының қызметін цифрландыру үрдісі – жауапты министрлік ұстанатын саясат. Бұл бағытта елімізде түрлі жобалар жүзеге асып жатыр. Олардың тілін түсінген жандар қазір кеңінен қолдануда.
ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, СҚО Әділет департаментінің басшысы:
— «E-ZanKomegi» бірыңғай құқықтық көмек көрсету жүйесі іске қосылды, бұл азаматтарға онлайн режимде заң қызметтерін ұсынуға және алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы арқылы азаматтар видеобайланыс арқылы өздерін толғандыратын құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Бұл жүйе азаматтарға білікті заңгерлік көмекке қолжетімділікті жеңілдету мен қамтамасыз етуге бағытталған, оған шамамен 2000 адвокат және заңгер-консультант қатысады.
“Цифрландыру үдерісі барлық жерде жаппай жүргізіледі. Сондықтан дербес деректерді заңнамалық тұрғыдан қорғауға, азаматтардың қаржылық және цифрлық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлу керек”. Бұл – Президенттің Құрылтайда айтқан пікірі. Демек, алдағы уақытта қоғамда өзге де пайдалы жаңашылдықтар пайда болады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
— ХХІ ғасырда цифрландыру үдерісі өте жылдам жүріп жатыр, тұрақты және аса қарқынды сипатқа ие болды. Жоғары технология адамның күнделікті өміріне, құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсерін тигізе бастады. Болашақта бұл үрдіс үздіксіз жалғаса беретіні анық. Сондықтан еліміздегі цифрландыру үдерісінің институционалдық-құқықтық негізі Ата заңда міндетті түрде аталып өтуі қажет. Конституцияда азаматтардың дербес цифрлық деректері заңмен қорғалатыны нақты айтылуы керек деп санаймын.
Байболат Құлтанов