Петропавлда өнер әлеміне енді қадам жасаған музыканттардың “Жас талант” облыстық байқауы өтті. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 50 фортепиано орындаушысы қатысты. Сүйрік саусақтарымен пернетақтаны басып, құлаққа жағымды дыбыс шығарған ұл-қыздар таңдай қақтырды.
ИРИНА КОЛОДАЕВА, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
— “Жастар “Фортепиано” аталымы бойынша сынға түседі. Олар 3 жас ерекшелігі бойынша бөлінген. Қазылар ұл-қыздардың оқу жылы ішінде не үйренгендерін бағалайды. Осы байқау арқылы ұстаздардың да біліктілігі тексерілмек. Яғни, конкурс олар үшін де сайыс дегім келеді. Жалпы, балалардың шеберлігі қуантады.
Злата Терлецкая – “Жас дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушісі. Болашақ фортепианошы әуезді музыканы жүрек түкпіріне жеткізді. Ол байқауға қызу дайындықпен келіпті.
ЗЛАТА ТЕРЛЕЦКАЯ, байқауға қатысушы:
— Мен «Вальс в стиле Шопена» шығармасын орындадым. Аздап қобалжыдым, бірақ қателескен жоқпын. Жақсы нәтиже күтемін. Өнерім өзіме ұнады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы бұл шығармашылық сайыс жас таланттарға баға жетпес тәжірибе сыйлады.