Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы “Таза Қазақстан” акциясына тоқталғаны мәлім. Экологиялық бұл бастама халықты біріктірді, қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастырды. Пайдалы тағы бір тұсы – отандастарымызды қоқысты сұрыптауға дағдыландырды. Мұны қалалық мәслихат депутаты Сәлімхан Сәбитов ілкімді іске балайды. Оның сөзінше, жалпыұлттық жоба қоғамға оң өзгеріс әкелді.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, “AMANAT” партиясы СҚОФ мүшесі, қалалық мәслихат депутаты:
— Бұл акцияға жастар ғана қатысып жатқан жоқ. Барлығы қатысып жатыр. Менің ойымша өзгерістер бар. Өзіміздің Петропавл қаласын алайық. Қазір адамдар қоқысты сұраптап салатын болды.
Байболат Құлтанов