Былтыр облыста терроризмге қатысты жалған ақпарат таратқан 15 адам жауапкершілікке тартылды. Ал қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау бойынша 213 факті тіркелген. Жағымсыз статистиканы азайту мақсатында өңірлік көлік прокуратурасы мен көліктегі полицейлер теміржол вокзалында тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ТИМУР ШҮЛЕНБАЕВ, Солтүстік Қазақстан өңірлік көлік прокуроры:
— “Жолдағы қабылдау” акциясы “Заң және Тәртіп” идеологиясын жүзеге асыруға бағытталған. Шара арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, прокуратураға деген сенімін нығайтқызымыз келеді.
Теміржол вокзалында бейтаныс адам келіп “Мына затты ала кетіңізші, жеткенде сізді күтіп алады, сол кісіге бере қойасыз” деуі мүмкін. Мұндай жағдайда аса сақ болған жөн. Ешкімге сенбеген абзал. Бұл – алаяқтық әрекет болуы мүмкін. Соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келуі де ғажап емес. Кездесу барысында шенділер осы сияқты жағдайлар жайлы кеңінен айтты.
Ақтолқын Солтанханқызы