Қызылжар ауданында оқушыларға “Закладчики. Мать” деректі фильмі көрсетілді. Туынды есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға негізделген. Фильмнің жастарға ұсынылуы тегіннен тегін емес. Былтыр СҚО-да 50-ге жуық есірткі қылмысы тіркелген. Оның 80 пайызына 16 мен 25 жас аралығындағы азамат-азаматшалардың қатысы бар.
АЙНАГҮЛ ЖУМИНА, №3 Бескөл орта мектебі директорының орынбасары, Қызылжар ауданы:
— Қазіргі танда ауданда “Заң жән Тәртіп” айлығы өтіп жатыр. Оның аясында аудандағы әр мектепке барып, құқықбұзушылықтар жайлы түрлі шаралар өткізудеміз. Балаларды қазірден бастап тәрбиелесек болашақта олардан ел қамын ойлайтын азамат шығады.
Туындыны тамашалауға бірсыпыра адам жиналды. Олар экраннан көз алмады. Барлығы есірткі қылмысының соңы неге алып келетінін біледі, жақсы түсінеді.
НҰРЛАН БАЛАУСА, “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы:
— Есірткі тұтынған және тасымалдаған жан өмірін азаппен өткізеді. Мектебімізде бұл бағытта көптеген шара өтуде.
ИСЛАМ ҚАЙЫРЛЫ, “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы:
— Фильмнен мол ақпар алдым. Мені қатты ойландырды. Болашаққа нық қадам басқым келсе есірткіге мүлдем жоламауымыз қажет.
Қоғам белсенділері туындыны “Заң және тәртіп” қағидатын жүзеге асыру мақсатында түсірген. Бұл бастама еліміздегі құқықбұзушылықтардың санын азайтуға және тұрғындардың сауаттылығын арттыруға бағытталған. Аз уақыттың ішінде өз жемісін де беріп отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Қазақстан Әділеттің, Заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуы тиіс. Заң үстемдігі мен жасампаз еңбек жоғары тұрмыстық мәдениет идеологиясымен астасып жатуы керек. Осы қағидаттар көптеген елде табысты әрі берекелі өмір сүрудің формуласы саналады. Осындай басты құндылықтар мен өмірлік ұстанымдар әр адамның бойына отбасынан, мектеп қабырғасынан дариды. Сондықтан, біз іргелі институттарды күшейтуге баса назар аударуымыз керек.
Деректі фильм өңіріміздің түкпір-түкпірінде көрерменге ұсынылуда. Бүгін туынды Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету колледжі студенттеріне де ұсынылды. Түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр.
Нұрасыл Ахмет