Облыста 2024 жылдың шілдесінен бері мемлекеттік қызметке іріктеу “Е-қызмет” порталы арқылы жүргізіледі. Жаңа формат үміткерлерге науқанға кез келген жерден және кез келген уақытта қатысуға мүмкіндік береді. Жүйенің тиімділігін көрген жастың бірі – Диас Аскандиров. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы конкурстық іріктеудің жаңа тәртібі туралы әлеуметтік желіден көріпті.
ДИАС АСКАНДИРОВ, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
— Мен кикбоксингтен спорт шеберлігіне үміткермін. Аталған спорт түрімен 10 жылдан бері айналысамын. Басқармаға жұмысқа тұрғаныма 2 ай ғана болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Қыр-сырын үйрендім. Таныстарым зор қолдау көрсетті. Алдағы уақытта өңір спортының дамуына үлесімді қосқым келеді.
“Е-қызмет” порталындағы байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Үміткерлер эссе жазады, адамның жеке қасиеттері сұралып, математикалық білімі де тексеріледі. Жүйе игілігін көрген Ирина Катаева облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында еңбек етіп жүргеніне жарты жылдан асқан. Ол “Мемлекеттік қызметші халық үшін жұмыс істейтіндіктен адал әрі адамгершілігі мол болуы тиіс” -, дейді.
ИРИНА КАТАЕВА, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
— Басқармамен жақсы таныспын. Университетте білім алып жүргенімде мұнда бірнеше рет тәжірибелік практикадан өткенмін. Жұмыспен жақсы таныспын. Орман шаруашылықтарынан есеп жинаумен айналысамын. Сандармен жұмыс істеу оңай емес. Асқан ұқыптылықты қажет етеді. Бір қателік жіберсең, бәрін қайта бастау керек. Болашақта мемлекеттің дамуына зор үлесімді қосқым келеді.
“Е-қызмет” порталы – жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Олар үйінде отырып-ақ өздеріне қажетті вакансияларды қарай алады. Биыл жүйеде бірнеше өзгеріс орын алған.
АИДА РҮСТЕМ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:
қаз, 2026 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап төменгі лауазымдар бойынша әңгімелесу практикалық бағалауға ауыстырылды. Бұл кезеңде үміткер құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеу, ресми хаттарды дайындау сияқты тапсырмалар орындайды.
Айта кету керек, жыл басынан өңірде аталған конкурстық іріктеу арқылы 300 жас жұмысқа тұрған.
Нұрасыл Ахмет