Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың жоспарлы тексерулерін қайта бастайды

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдарды тексере бастайды. Шара барысында арнайы мамандар қызметкерлердің біліктілігі мен медициналық жабдықтардың нормативке сәйкестігін бақыламақ. Жоспар бойынша елімізде мұндай іс-шара 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйымда өткізіледі. Сонымен қатар, 2026-ның бірінші жартыжылдығында тағы 57 медициналық ұйым профилактикалық бақылаудан өтетін болады. Бұл денсаулық сақтау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында жүргізіліеді. Айта кеткен жөн, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің рұқсатымен мұндай тексеріс жұмыстары соңғы рет 2023 жылы ұйымдастырылған.

 

Ақтолқын Солтанханқызы