Білім

Дүниежүзілік сайлау күніне орай студенттер арасында зияткерлік шара өтті

Ақпанның 5-і Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Осыған орай бүгін Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері арасында зияткерлік квиз ұйымдастырылды. Оған “Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау құқығы” тақырыбы берілген.

КЕҢЕС МҰҚЫШЕВ, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

— Осы сайлау күні қарсаңында колледж жастары арасында осы электоралды белсенділікті арттыру мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Осы мақсатта Петропавлда көптеген шаралар ұйымдастырып тұрамыз.

Қазақстан азаматтары неше жастан сайлауға қатыса алады? Сайлау бюллетені дегеніміз не? Студенттерге осы сынды түрлі сауалдар қойылды. Екі топқа бөлінген жастар бұл сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берулері тиіс.

ДАНИЛ ПЕНЧУКОВ, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенті:

— Бүгінгі сайыста өзім білмеген бірнеше сұрақтың жауабын алдым. Зияткерлік ойын өте қызықты өтіп жатыр. Әр сауалға командамен ойланып асықпай жауап беріп отырмыз. Әзірге ұпай саны бойынша көш бастап тұрмыз. Өзімінің жасым әлі 18-ге толған жоқ. Кәмелетке толған соң міндетті түрде сайлауға қатысатын боламын.

Сайыстың өзі 5 кезеңнен тұрады. Студенттердің білімі мен тапқырлығын қазылар алқасы бағалап отыр. Оның құрамында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мен жас сайлаушылар клубының төрағасы бар.

ДАМИР ӘБДИН, жас сайлаушылар клубының төрағасы:

— Біздің клубқа 18 бен 35 жас аралығындағы 20-ға жуық жан мүшелік етеді. Олардың дені – қоғамдық бірлестік пен партиялардың белсенділері. Осы азаматтармен бірлесіп жастардың сайлау жөнінде сауатын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіп тұрамыз.

Шара соңында белсенділік танытқан әр жасқа дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Ақтолқын Солтанханқызы