Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері шала туған шақалақтың өмірін сақтап қалды. Оқиға былай болған: жүкті әйел арнайы медициналық есепте тұрмаған, ал босану процесі ауруханаға барар жолда басталып кеткен. Нәресте небәрі 1 келі 600 грамм салмақпен дүниеге келген. Шақалақ аса ауыр күйде облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, кейін шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады. Тексеру барысында баладан ішектің өтімсіздігі дерті анықталады. Сәбидің салмағы тым аз және толық жетілмесе де дәрігерлер операцияны сәтті жасады. Нәрестенің жағдайы қазір бірқалыпты. Ақхалаттылардың жіті бақылауында.