Құқық қорғау органдары

СҚО-да полицейлер үсіп қала жаздаған адамды құтқарды

СҚО-да полицейлер үсіп қала жаздаған адамды құтқарды. Оқиға желісіне тоқталсақ, 18-ші қаңтар күні Мамлют аудандық полиция бөлімінің кезекшісі Азамат Қаскенов бейнебақылау камералары арқылы жолдан 400 метр қашықтықта ұйықтап жатқан адамды көреді. Бірден учаскелік инспектор Қайырбек Мұстафинге хабарлайды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен шенді қалың қардың арасында жатып қалған азаматты тұрғызып, медициналық мекемеге дейін жеткізді. Тексеру барысында 39 жастағы ер адамның ащы суға сылқия тойып алғаны анықталды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды алкогольді асыра пайдаланбауға және қақаған аяз кезінде барынша сақ болуға шақырады.