Қоғам

Петропавлда 140 жауынгер ант қабылдады

Мына қаз-қатар тізілген жігіттер үшін бүгін – маңызды күн. Олар қазір ант қабылдап, 365 күн бойы Отан алдындағы борышын өтейді. 19 жастағы Иван Походенко Ақмола облысынан келіп отыр. Қазақы ортада өскен жас сарбаз бар ғұмырын елдің әскери саласына арнағысы келеді.

ИВАН ПОХОДЕНКО, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

— Бұл жерде маған барлығын уақытымен істейтіндігіміз ұнайды. Көңіл күйім жақсы, ата-анамды көріп, қуанып қалдым.

Осындай маңызды күні сарбаздардың жанынан табылып, қуанышымен бөлісу үшін олардың ата-аналары мен туысқандары келіп отыр. Айта кету қажет, 6637 әскери бөлімінің жауынгерлері қала көшелеріндегі және түзету мекемесіндегі тәртіпті қамтамасыз етеді. Олар шаһар ішінде жүріп, бұзақылықтар мен қылмыстардың орын алмауын қадағалайды. Бүгінге дейін жас сарбаздар 40 күн бойы дайындақтан өтіп, өздерін шыңдады.

БАУЫРЖАН МҰҚАШЕВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

— Жас сарбаздарымыз ант қабылдап жатыр. Олар 40 күн ішінде жауынгерлік дайындықтан өтті. Бөлімге Қарағанды, Шымкент, Жезқазған, Ақмола облыстарынан сарбаздар келіп отыр.

Жалпы, шаһардағы 6637 әскери бөліміне жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық жауынгер келеді. Ал осы жолы 140 жауынгер ант қабылдады.