Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғамМәдениет

Петропалда «Бұл – махаббат» комедиясының түсірілімі бастау алды

Бүгін Петропавлда «Бұл – махаббат» комедиясының түсірілімі бастау алды. Шытырман хикая орта жастағы екі адамның махаббаты жайлы болмақ. Фильмнің ерекшелігі де осында. Туындының қоюшы-режиссері – Назгүл Қарабалина. Айтуынша, Петропавл шаһарына таңдау жайдан-жай түспеген. Себебі, өңірдің табиғаты мен қаланың сәулеті көрерменге бірден жаңажылдық сезім сыйлайды.

НАЗГҮЛ ҚАРАБАЛИНА, қоюшы-режиссёр:

— Бұл қалада біз 2022 жылы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясын түсірген болатынбыз. Сол кезде біз осы шаһардың әдемі архитектурасына әрі ландшафтарына қызыққан болатынбыз.

«Бұл – махаббат» комедиясының басты рөлдерінің бірін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдайды. Оның кейіпкерінің аты – Мейіржан. Ол өте шыншыл әрі аңғал. Сахна шеберінің сөзінше дәл мұндай тұлғаны сомдау күрделі. Оған қоса ауа райы да қиындық туындатуда.

АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ, актёр

Күн суық. Алматыдағыдай емес басқаша, бірақ әрине алда мақсат бар. Жұмыс істеу керек. Актер болғаннан кейін барымызды саламыз, осы суық атмосфераны көрерменге жылы қылып жеткізуге тырысамыз.

ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:

— Жаңажылдық «Бұл – махаббат» комедиясы Петропавлда бір айға жуық түсірілетін болады. Аталмыш туынды қалың көрерменге 31 желтоқсан күні жол тартады.