Спорт

“Қызылжар” ФК болгариялық клубпен тең тарқасты

“Қызылжар” футбол клубы оқу-жаттығу жиыны аясындағы екінші ойынын өткізді. Бұл жолы петропавлдық теңбіл доп шеберлері болгариялық “Хебыр” командасымен сынға түсті. Матч тартысты өтті. Есеп – 1 де 1. Теріскейлік команда сапынан қазақстандық Роман Чирков көзге түсті. Осымен қызылжарлықтар үшін алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

МИЛИЧ ЧУРЧИЧ, “Қызылжар” ФК бас бапкері:

— Алғашқы оқу-жаттығу жиыны нәтижелі өтті. Жаңа ойыншылардың қарым-қабілетін көрдік. Олар командаға бейімделе бастады. Қазіргі таңда физикалық дайындыққа ерекше көңіл бөлудеміз. Бұл бізге 90 минут бойы шаршамай ойнауымызға септігін тигізеді. Ең бастысы, клуб ішінде жақсы атмосфера қалыптасуы қажет.