Спорт

“Құлагер” ХК мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

“Құлагер” хоккей клубы ел чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы жергілікті имек таяқ шеберлері көкшетаулық “Арланнан” басым түсті. “Солтүстік дербиі” деп аталатын бәсеке тартысқа толы болды. Бірінші периодта қарсыластар бір-бірінің осал тұстарын аңдумен болды. Екінші және үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша командалар тең тарқасты. Есеп – 1 де 1. Ал шешуші – буллит сериясында теріскейлік хоккейшілер сәтті өнер көрсетіп, жеңісті жұлып алды. Айта кету керек, ел чемпионатында теріскейлік хоккейшілер 43 ойында 23 рет жеңіске жетті. Қазіргі таңда 55 ұпайпен турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Осы ретте қуанышты жаңалықпен бөлісейік, “Құлагер” хоккей клубы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Бұл – былтыр сүреңсіз өнер көрсеткен жергілікті имек таяқ шеберлері үшін жоғары нәтиже.