Польшада парабиатлоннан тартысқа толы Әлем кубогы басталды. Дүбірлі додада Ербол Хамитов өнер көрсетіп, қола медаль еншіледі. Жерлесіміз 12,5 шақырымдық жекелей сында өнер көрсетті. Спортшы тек қытайлық шаңғышыларға есе жіберді. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында паралимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Жаһандық жарыста Ербол Хамитов көк туымызды ұстап шығатын болады.
ЕРБОЛ ХАМИТОВ, парабиатлоннан Әлем кубогының қола жүлдегері:
— Атыс айлақтарында бір рет мүлт кеттім. Соның салдарынан жеңіске жете алмадым. Сонымен қатар, Астанадан ұшып келгеннен кейін келесі күні сынға түстім. Бірақ, бұл – ақталу емес. Қателіктермен жұмыс істейміз. Ең бастысы, менде ешкім тартып ала алмайтын мінез бен қайсарлық бар.