Құқық қорғау органдары

Есірткі сатқан 23 жастағы жігітке сот үкімінің шығарылуы тікелей эфирде көрсетілді

Есірткі сатқан 23 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты. Процесс петропавлдық колледж студенттеріне Zoom қосымшасы арқылы көрсетілді. Айыпталған азамат өткен жылдың қыркүйек айында ұсталған. Одан шамамен 75 грамм синтетикалық есірткі тәркіленіпті. Жас жігіт «закладчик» ретінде екі айдан астам уақыт жұмыс істеген. Сот үкіміне сәйкес ол 7 жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Бұл шараны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қалалық прокуратура бірлесіп ұйымдастырған. Мамандардың айтуынша осындай сот отырыстарын тікелей эфирде көрудің нәтижесінде жастар есірткіге елеңдеудің салдары соқпақты екенін түсініп, түзу жолмен жүрудің маңызын ұғынады.