Тілсіз жау түн тыныштығын бұзды! Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында базардан өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, азық-түлік дүңгіршегі отқа оранған. Қызыл жалын жылыту пешіндегі ақаудан бас көтерген деген болжам бар. От бір шатырдың астында орналасқан өзге сауда нүктелеріне қауіп төндіріпті. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндіріп, таралуына жол бермеді. Қазіргі таңда төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.