Спорт

“Құлагер” ХК сырт алаңда қарсыласын тізе бүктірді

“Құлагер” хоккей клубы ел чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы теріскейлік имек таяқ шеберлері сырт алаңда “Торпедо” командасынан басым түсті. Ойын жерлестеріміз үшін оңайға соқпады. Бірінші периодта қарсыластар бір-бірінің қателіктерін аңдумен болды. Сол себепті есеп ашылмады. Екінші және үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша командалар тең тарқасты. Есеп – 3 те 3. Ал овертаймға жаңа тактика құрған хоккейшілеріміз бір шайба соғып, жеңісті жұлып алды. Айта кету керек, ел чемпионатында теріскейлік хоккейшілер 39 ойында 22 рет жеңіске жетті. Қазіргі таңда 51 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр.