Қазақстан – баршаға түсінікті әділ саясат ұстанымын әрдайым сақтайды. Халқымыз ел бірлігін сақтап, өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құруды басты міндет ретінде санауы қажет. Ұлттық құрылтайда осылай деген Президент билік пен халық бірлесе жұмыс істеп, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету қажет екендігін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде айтайын, мен үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Бұл – мерейтой кезіндегі ұран емес, қазіргі дүрбелеңге толы заманда ұлттық стратегиямыздың негізгі қағидасы. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бірі бір ғана мақсатты көздейді. Ол – татулық. Осыған стратегиялық тұрғыдан қарап, парасатты, дана халық екенімізді көрсетуіміз қажет.
Құрылтай отырысында Президент елеулі бастамаларды көтерді. Оның барлығы елдің саяси жаңғыруына қатысты. Өңір ардагерлері орынды қабылданған шешімдердің арқасында мемлекетіміз әлемдік державаға айналады деп сенеді.
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Мемлекет басшысы құрылтайда алдағы уақытта елімізде біршама өзгеріс болатынын жеткізді. Ата заңымыз өзгеріп, Вице-Президент сайланып, Ассамблеяның қайта құрылатынын айтты. Бұл шешім дамудың даңғыл жолына түсуімізге көмектеседі деп ойлаймын.
Ардагерлер алдағы уақытта елдің даму үшін бар күштерін салатынын жеткізді. Оның ішінде жастарға баға жетпес ақылдарын айтып, бағыт-бағдар көрсететіндерін айтты.