Солтүстікқазақстандық шорт-трекші Әлихан Байматов Қытайдың Ситахэ қаласында өтіп жатқан халықаралық юниорлық турнирде жүлдегер атанды. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетітін жерлесіміз 5000 метрлік эстафетада 2 орын иеленді. Айта кетейік, аталмыш сайыс қаңтардың 23-і аяқталады. Дүбірлі додада Қытай, Ресей, Үндістан, Беларусь сынды мемлекеттерден жиылған 320-ға жуық спортшы күш сынасуда. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 4 жүлде бар.