МТРА жаңалықтары

СҚО-да мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Облыс мектептерінде қауіпсіздік қызметін дұрыс атқармайтын ұйымдар бар. Соларға қатысты мәселе полиция, мемлекеттік органдар, білім беру саласының өкілдері және жекеменшік күзет ұйымдарының басшылары жиылған отырыста талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – білім беру ұйымдарына қауіпсіздік қызметтерін тағайындау жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар. Өткен жылы елімізде қажеттіні ашық конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл мектептерге, колледждерге және балабақшаларға квалификациялық талаптарды қоюға және сенімсіз мердігерлерден арылуға көмектеседі. Әсіресе, еліміздегі материалдық базасы жоқ компанияларды іріктеуден шығару мүмкіндігіне ие.

 МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

— Мұнда күзет агенттіктеріне де, күзетшілерге де қоятын талаптар нақты белгіленген. Білім беру нысандарында – резеңке таяқша, қару анықтайтын детектор және басқа да құралдар, хабарлама беру жүйесі, радиостанция мен портативті бейнежазба құрылғысы болуы тиіс. Мен күзет агенттіктеріне жүгінгім келеді: бұл – білім беру нысанындағы күзетшіде міндетті түрде болуы қажет ең төменгі талаптар.

Қазіргі таңда облыстағы жалпы білім беретін 86 мектеп физикалық күзетпен қамтамасыз етілген. Былтыр өңірдегі жекеменшік күзет құрылымдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. 15 қылмыстың ашылуына қатысып, 94 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, 150-ден астам адамды ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді.