Енді қала көшелерін қардан тазалау барысы жасанды интеллект арқылы қадағаланады. Биылдан бастап іске қосылған жүйеге аталған маңызды жұмыспен айналысатын барлық техника енгізілген. Ол жүргізушінің қай жерде, қалай кетіп бара жатқанын, тіпті жолдан шығып кеткеніне дейін көрсетеді. Сонымен қатар, платформаның арқасында атқарылған істің көлемі де базаға бірден тіркеледі. Бір сөзбен айтқанда, заман игілігі қар тазалау жұмыстарының жүйелі атқарылуына тың серпін бермек.