Құқық қорғау органдары

Полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік турнир өтті

«Адал полицей». Облыс орталығында осындай атаумен тәртіп сақшылары арасында зияткерлік турнир ұйымдастырылды. Оған қатысқан шенділер өздерінің білімін, сыни ойлау қабілетін және командалық бірлікті көрсетті. Команда мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қатысты блиц-сұрақтарға жауап берді. «Заң мен Тәртіп» тақырыбында сөзжұмбақ пен ребустар шешті, шығармашылық тапсырмаларды орындады.

АЛМАТ ӨТЕГЕНОВ, СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

— Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бүгін біз «Адал полицей» кең ауқымды іс-шарасы аясында сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған зияткерлік турнир өткізіп отырмыз.

Іс-шараны өткізу үшін тәртіп сақшылары «Рух» психологиялық орталығының директоры Резеда Баймұхамбетованы шақырған. Ол ерекше тапсырмалар дайындапты. Сайыс барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың белгілері, оған ықпал ететін факторлар және осы әлеуметтік індетке қатысты тарихи сұрақтарға да жауап берді. Жеңімпаз, жүлдегер командаларға кубоктар табысталды, белсенді қатысушылар дипломдар және сыйлықтарға ие болды.