Денсаулық сақтау

Онкологиялық орталықта жатыр мойны обыры бойынша ашық есік күні өтеді

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Петропавлдағы онкологиялық орталықта 31-ші қаңтар күні ашық есік күні өтеді. Шара жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында ұйымдастырылмақ. Бұл күні тұрғындар дәрігерлердің қабылдауына тегін кіріп, толғандырған сұрақтарын қоя алады. Сонымен қатар, ісіктің алдын алу және ерте анықтау жолдары туралы толық ақпарат алады. Тексеруден де өтуге мүмкіндік бар. Ашық есік күні таңғы сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Қабылдау Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 133 мекенжайындағы емханада жүргізіледі. Облыста қазіргі таңда жатыр мойны обыры дертімен 600-ге жуық нәзікжанды есепте тұр. 2024 жылы 55 әйел адам есепке алынса, өткен жылы тізімге 49 адам қосылған.