Спорт

“Қызылжар” ФК Ұлттық құрама ойыншысын қатарына қосты

“Қызылжар” футбол клубы Ұлттық құрама ойыншысымен толықты. Тәжірибелі Юрий Перцух теріскейлік команданың қатарына қосылды. Ол – “Алматы” футбол мектебінің түлегі. Осы күнге дейін Қазақстан Премьер лигасында 160-ға жуық ойын өткізген. 14 гол соғып, 12 пас берген. Ал ұлттық құрама сапында бір рет көзге түсіпті. Бұл петропавлдық клуб үшін айтулы трансфер деп айтуға негіз бар. Тәжірибелі ойыншы қызылжарлықтарға ел чемпионаты мен кубогында жоғары нәтиже көрсетуге септесері сөзсіз.