6-22 ақпан аралығында Италияда 25-ші қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылда бір келетін жаһандық додада облысымыздан жалғыз Надежда Морозова ғана өнер көрсетеді. Конькимен жүгіру спортынан 4 бірдей жолдама алған жерлесіміз жорығын 7-ші ақпан күні бастайды. Ол күні теріскейлік 3000 метр қашықтық бойынша сынға түседі. Ал 1000 және 5000 метр дистанциядағы бәсекелер ақпанның 9-12-сі күндері өтеді. Үкіліген үмітіміз Олимпиададағы жорығын 14-ші ақпанда тәмамдайды. Бұл күні ол эстафета бәсекесінде ел намысын қорғамақ.