Құқық қорғау органдары

Полицейлер 2025 жылды қорытындылады

Өткен жылы облыста құқық бұзушылықтардың жалпы саны 13 пайызға, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар 7,1 пайызға төмендеген. Қазір өңірде криминогендік жағдай тұрақты. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Жиында департамент бастығы Абай Жүсіпов бірқатар өзекті бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға назар аударды. Сондай-ақ, бағынысты қызметкерлерге интернет-алаяқтықтың алдын алу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу және жол қауіпсіздігін нығайту бағыттарындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Полиция полковнигі Абай Жүсіпов бөлімшелердегі тәртіптің жай-күйі үшін басшылардың жеке жауапкершілігін еске салды және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында анықталған кемшіліктерді жүйелі түрде жоюға шақырды.