Спорт

Өңір велошабандоздары XDS Astana Devolopment Team командасының сапына қосылды

XDS Astana Devolopment Team континенталдық командасы өз қатарына жас велошабандоздарды қосып, келісімшарт жасасты. Олардың қатарында солтүстікқазақстандық Михайл Подлужный мен Мансур Бейсембай бар. Бұл спортшылардың кәсіби мансабындағы маңызды кезең болмақ. Себебі, алдағы маусымда жерлестеріміз команда сапында UCI халықаралық күнтізбесіне енген жарыстарда өнер көрсетеді. Осы орайда Қазақстан Республикасының Велосипед спорты федерациясы спортшыларды келісімшартқа қол қоюмен құттықтап, алдағы маусымда сәттілік, тұрақты нәтижелер мен халықаралық жарыстарда жеңіс тіледі.