Спорт

“Қызылжар” ФК 2026 жылдағы алғашқы ойынында жеңіліс тапты

Қазіргі таңда “Қызылжар” футбол клубы Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Оның аясында теріскейлік теңбіл доп шеберлері қырғызстандық “Азия” командасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл – петропавлдық клубтың қазан айынан бері өткізген алғашқы ойыны. Бірінші таймды қызылжарлықтар белсенді өткізді. Қарсыластың қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Сондай сәттердің бірінде сербиялық легионеріміз Дамьян Краишник гол соқты. Екінші кезеңде “Қызылжар” футбол клубының ойыншылары босаңсып кетті. Осыны пайдаланған қарсылас жауапсыз екі гол соқты. Тиісінше, 1:2 есебімен жеңіске жетті.

РОМАН ЧИРКОВ, “Қызылжар” ФК ойыншысы:

— Бізге қазір нәтиже маңызды емес. Жолдастық кездесулер арқылы жаңадан келген ойыншыларды көреміз, қарым-қабілеттерін байқаймыз. Содан кейін ғана барып бапкеріміз жаңа маусымға тактика құра алады. Алда жоспар көп. Ең бастысы – ел чемпионатында абыроймен өнер көрсету.