Құқық қорғау органдары

Есірткімен ұсталған фитнес-жаттықтырушы 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

3-ші қалалық аурухана маңына есірткі жасырған ер адам құрықталды. Күдіктінің тұрақты табысы болған. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, ол фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген. 33 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында одан 22 түйіншек тәркіленген. Сондай-ақ, оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы 3 түйіншек табылыпты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 25 грамды құрайтын α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам өткен жылдың қараша айынан бері есірткі сатумен айналысқан. Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.