Былтыр облыстық еңбек инспекторлары жеке және заңды тұлғалардан түскен мыңнан астам өтінішті қарады. Нәтижесінде өңір аумағында 200-ден астам тексеру жүргізіліп, 464 заңбұзушылық анықталды. Олардың 251-і әлеуметтік еңбек қатынастарына, 213-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты болды. Атқарылған ауқымды жұмыстың қорытындысы бойынша қызмет ұсынушыларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы 131 нұсқама берілді. 70-тен астам лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 11,4 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 100-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды, ал жалақы бойынша 17 млн теңге берешек өтелді.