Құқық қорғау органдары

Полиция департаментінің бастығы ардагерлермен кездесті

Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов өңіріміздегі жұмысын сала ардагерлерімен кездесуден бастады. Жүздесуде әскери қызметтің барлық қыр-сыры, қиындығы мен ерекшелігі жайлы айтылды. Өз кезегінде жаңа басшы ведомствоның да, өзінің де әрдайым сындарлы іс-қимылға ашық екенін жеткізді. Жалпы, бүгінде Ішкі істер министрлігі тәлімгерлік кеңестерін дамытуға және Ішкі істер ардагерлерімен жұмысқа ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта 2023 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жас қызметкерлерге кәсіби тәжірибе мен қызметтік дәстүрлерді үйрету мақсатында бұрыңғы қызметкерлердің қатысуымен арнайы кеңестер құрылған. Негізгі басымдық тәлімгерлік пен сабақтастыққа беріліп отыр. Бүгінгі таңда полиция департаменті мен Ұлттық ұланның ардагерлер кеңесінің құрамында ондаған мың зейнеткер бар. Олар ұзақ жылдар бойы халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал қызмет етті.