Құқық қорғау органдары

Полицейлер қақаған аязда жолда қалып қойған шетелдіктерге көмектесті

Солтүстікқазақстандық полицейлер аязда жолда қалып қойған шетелдіктерге көмектесті. Оқиға “Мамлютка-Қостанай” автожолында орын алған. Әзірбайжандық үш ағайынды “DAF” және “IVECO” маркалы жүк көліктерімен қазақстандық жасымықты Түркияға тасымалдап бара жатқан. Рөл тізгіндеген жандар жақын маңдағы автотұраққа тоқтапты. Бірақ, қайта жолға шығар кезде бірінің көлігі оталмай қалған. Оған себеп – дизель отынының қатты аяздан қатып қалуы. Қиын жағдайға тап болған жандарға полицейлер мен Преснов ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері көмектесті. Тәулік бойы барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ауыр машинаны жылы боксқа апарып, оталуына да септесті. Тәртіп сақшылары рөл тізгіндеген жандардан сапарға шығар алдында көліктердің техникалық жағдайын жіті қарауды сұрайды.