ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландыруда қаржылық тәртіп пен сапаны бақылауды күшейтті. Былтыр 11 сапа индикаторы енгізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша белгіленген индикаторларға қол жеткізбегеннен 2,8 млрд теңге сомасына экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды. Медициналық қызметтерді автоматты бақылау жүйесі іске қосылып, қаржылық бұзушылықтар құқық қорғау органдарына жіберілуде. Күндізгі стационар тарифтерін қайта қарау нәтижесінде 2,1 млрд теңге үнемделген. Бұдан басқа, белсенді емес және сақтандырылмаған халық үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі қайта қаралды. Нәтижесінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымындағы өтініштердің саны 40 пайызға немесе 2,2 млн адамға ұлғайды. Ал босатылған қаражаттың көлемі 15 млрд теңгеден асты. Мұндай шаралар медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.